Ішкі шаруашылық жолдарды жобалау әдістемесін сипаттаңыз

Ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыруды жобалау аудандық жерге орналастыру схемасын, оның ішінде жолдар жүйесінің орналасуы жайында шешімдерді негізге ала отырып жасалады және осы жобадағы белгіленген өндіріс бөлімшелерінің және шаруашылық орталықтарының орналасуына байланысты жасалады. Және басқа, жоғарғы категориядағы ортақ жолдардың құрылыс жүргізу және реконструкциялау жобалары есепке алына отырып ішкі шаруашылық жолдар жобаланады.

Жобаның бұл құрам бөлігінде ең негізгі мәселе - ішкі шаруашылық жолдардың бағыттарын анықтау. Ол үшін жүк айналу пунктілері анықталады (грузооборотные пункты по значимости). Олар маңыздығына қарай 4 топқа бөлінеді:

І топ – әкімшілік ауданының орталығы, темір жол станциясы, өнімді өңдейтін пунктілер, мәдени орталықтар.

ІІ топ – а/ш-тық және жергілікті өндіріс ксәіпорындары, ірі елді мекендер.

ІІІ топ – ішкі шаруашылықтық жүк тасымалдау пунктілері – шаруашылық орталықтары мал фермалары, басқа ірі өндіріс объектілері.

ІV топ – ауыспалы егістік алқаптары, көпжылдық өсімдіктер, мал азықтың алқаптыр.

Жүк айналымы – ішкі шаруашылықтық және сыртқа жүктер мен адамдарды тасымалдау.

Жалпы және тауарлық өнімнің мөлшері белгісіз болғанда олар шаруашылықтың келешек болжам жоспарларын 40-50% көбейте отырып алынады, немесе есептеу арқылы. Ол үшін а/ш кәсіпорындарының статистикалық есеп беру материалдарын зерттеу отырып анықталады. І топ жолдарына 10-15 жылдық, ІІ топқа 5 жылдық деректер жиналады. Ал басқа топтарға – қазіргі кездегі деректер алынады.

Жолдың орташа жылдық жүк тығыздығы дегеніміз – белгілі бір учаскемен бір жылда өтетін барлық жүктердің жалпы мөлшері. Ол транспорттық байланыс схемасы бойынша жол бөлектері бойынша (өтетін) тасылатын жүктердің қосындысы ретінде анықталады.



560т

250т

100 т

310 т

150т

105 т

205 т

Сол схема арқылы ішкі шаруашылықтық жолдардың ең экономикалық нәтижелі бағыттары анықталады және осы жолға басқа жүк тасымалдау пунктілерімен келетін кіріс жолдары белгіленеді. Жолдардың бағытын анықтағанда ортақ пайдаланудағы және жамылғысы бар жолдар, қоршаған орта есепке алынады. Жолдан биік жерлер, жер бедері күрделі емес жерлер арқылы өтеді. Жолдар, құнды а/ш-тық алқаптар арқылы неғұрлым аз өтуі керек.

Жолдың категориясы және жамылғысының типі – олардың мәніне, құрылыс материалдарының бар болуына, автомобильдер жүрістерінің қарқындылығына және жолдың жүктасымалдау тығыздығына байланысты таңдап алынады.

Жерге орналастыру жобасында жолдың тек қана бағыты анықталады, ал жол салу үшін жоба жұмыс жобасы ретінде жасалады.

Негізгі мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыстардың объектілерін орналастыру.

Мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыс объектілеріне суарылатын және құрғатылатын жерлер алқаптары, тоғандар, су қоймалары, лимандар негізгі магистралдық каналдар, коллекторлар және ьасқа ғимараттар жатады.

Оларды орналастырғанда шаруашылықтық тиімді болуына, жерді неғұрлым нәтижелі пайдалануға және техникалық нормативтерге және ережелерге сәйкес болуларына тырысады.



10. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасында территорияны жабдықтандырудың негізгі инженерлік объектілері, оларға қойылатын талаптарын сипаттаңыз.

Территорияны инженерлік жабдықтандыру нысандарына мыналар жатады:

- ішкі шаруашылықтық жолдар;

- мелиоративтік құрылыстың нысандары(суландыру, кептіру) және олардың негізгі ғимараттары (тоған, су қоймасы, лимандар, магистралдық каналдар, коллекторлар, басқа негізгі су өткізуші және қоршау жүйелері (проводящая и ограждающая сеть);

- суландыру және сумен қамтамасыздандыру нысандары;

- негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы күресу нысандары, орман көшеттері, гидротехникалық ғимараттар.

Жобаның бұл бөлігіне а/ш алқаптарын ұйымдастыруда және орналастыруда өте үлкен әсерін тигізетін, ең басты және құрылысына өте көп қаражат кететін, территорияны жабдықтандырудың негізгі объектілері кіреді.

Бұндай объектілерді орналастыру жобаның басқа бөліктерімен үйлестіріле, қабылданған жоба шешімдерін тексере отырып, жүргізіледі.

Территорияда орналасуына байланысты бұл нысандар ұзын және аудандық болып бөлінеді. Олардың пайдалану мақсаты, алып жатқан жері, орналасу жағдайы, орналасуына қойылатын талаптар, салуға және пайдалануға шығатын қаражаттардың мөлшерлері әртүрлі болады.

Территорияны инженерлік жабдықтандыруда келесі негізгі талаптар қойылады:

1. Бұл нысандардың орналасуы жұмыс жүргізуге ыңғайлы болуы және жердің пайдалануын жақсартуы керек.

2. Өндіріске жақсы территориялық жағдай жасау үшін және жерді тиімді пайдалану үшін. Оларды өзара және жобаның басқа бөліктерімен және элементтерімен үйлестіре орналастыру.

3. Территорияны жабдықтандыру обьектілеріне ең тиімсіз а/ш пайдаланылмайтын, өнімсіз жерлерде берілуі керек) қажеттілігіне сәйкес неғұрлым аз берілуі керек.

4. Объектілерді орналастыруда техникалық және табиғатты қорғау талаптарын орындау қажет.

5. Құрылысқа және салынған ғимараттарды пайдалануға кететін қаржылар неғұрлым аз болулары керек.

Жоғарыда айтылған территорияны инженерлік жабдықтау объектілерін орналастыруға қойылатын талаптар әрқашанда барлығы орындалуы мүмкін емес. Сондықтан жобалауда әр жағдайда осы талаптардың ең алдымен орындау қажет.

Территорияны жабдықтандыру объектілерін жобалағанда оларды басқа іргелес орналасқан шаруашылықтарға жасалған болжам схемалармен жобалардың ұсыныстарымен келістіре отырып жасанулары керек.

Дайындық жұмыстарында керекті деректер түгел жиналып, зерттеліп бір-бірімен үйлестіре отырып пайдаланулары керек.


2184383711608664.html
2184414904659227.html
    PR.RU™